Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Жарияланған күні: 13 наурыз 2025
Жаңарту күні: 13 наурыз 2025
Көру саны:27
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру.
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру.
- Құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландыру.
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардан басқа мәмілені (сенімхатты) куәландыру.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Өтініш.
- Құжаттың түпнұсқасы.
- Төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Сенімхатты ресімдеу үшін өтініш беруші:
- өтініш;
- өтініш берушінің төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- 1 жұмыс күні
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 30 АҚШ доллары;
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру - 40 АҚШ доллары;
- Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 30 АҚШ доллары;
- Мәмілені (сенімхатты) куәландыру - 50 АҚШ доллары.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (жұма, сенбі, және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Сауд Арабиясы Корольдігі, Жидда қаласы, Әл-Халидия ауданы, Әл-Мустакар 16
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: +966 50 547 3698 және / немесе электрондық пошта: jeddah@mfa.kz.
Жарияланған күні
13 наурыз 2025
Жаңарту күні
13 наурыз 2025
Түрі
Қызмет бағыты