Индонезиямен экономикалық ынтымақтастықтың болашағы туралы

Индонезиямен экономикалық ынтымақтастықтың болашағы туралы

Джакарта, 2024 жылғы 1 ақпан – Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрінің орынбасары Эди Памбудимен кездесу өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы нақты жобаларды айқындау бағытындағы одан арғы іс-қимылдарды қоса алғанда, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Индонезия Үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысын дайындау және өткізу мәселелерін талқылады.

Перспективалы бағыттардың ішінде тау-кен өндіру саласы, өнеркәсіп, тамақ, ауыл шаруашылығы және медицина салалары ерекше аталынып өтті.

Инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу және қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдердің жобалары бойынша жұмысты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.