ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ИГІЛІГІ ҮШІН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2021 ж. 18 наурызда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Заң және адам құқықтары министрі Ясонна Лаолимен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстандағы қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалмен таныстырды, екі елдің құқық қорғау органдары арасында өзара іс-қимыл дамытуға мүдделік білдірді.
Кездесу тараптарға экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды беру мәселелері бойынша ынтымақтастық орнату, сондай-ақ тиісті шарттық құқықтық базаны кеңейту перспективалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Я. Лаоли басқарып отырған министрліктің негізгі қызметі заңдар мен адам құқықтары саласындағы саясатты қалыптастыру, айқындау және жүзеге асыру болып табылады. Бұрындары бұл органның құрамына Бас прокуратура, Жоғарғы Ислам соты, жалпы юрисдикция соттары және әкімшілік соттар кірді. Қазіргі күйінде Министрлік 2009 ж. құрылды. Оның алдында болғандар: 1945-1999 жж. – Әділет департаменті, 1999-2001 жж. – Заңдар және заңнама департаменті, 2001-2004 жж. – Әділет және адам құқықтары департаменті, 2004-2009 жж. – Заңдар және адам құқықтары департаменті.