Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің жәрдемдесуімен қазақстандық «Garysh Group» компаниясы мен Пәкістанның «CCL Pharmaceuticals» компаниясы арасында бірқатар келіссөздер ұйымдастырылды

Исламабад, 2022 жылғы 14 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің жәрдемдесуімен қазақстандық «Garysh Group» компаниясы мен Пәкістанның «CCL Pharmaceuticals» компаниясы арасында бірқатар келіссөздер ұйымдастырылды.
Онлайн режимде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында екі компания арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.