Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
Көру саны:2
Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен көрсетіледі.
Қиын жағдай Қағидаларға сәйкес мынадай жағдайлардың салдарынан туындаған жағдайларды қамтиды:
- форс-мажорлық ахуалдар (табиғи апаттар, әскери қимылдар, шетелде төтенше жағдайдың енгізілуі);
- Қазақстан Республикасы азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
- Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы іс-әрекеттер;
- Қазақстан Республикасы азаматының шетелде қайтыс болуы (Қағидаларда көзделген шектеулерді ескере отырып).
- Қазақстан Республикасы азаматының, оның туысының немесе заңды өкілінің қиын жағдайға тап болу мән-жайларын және қаржылай көмек көрсету қажеттілігін негіздей отырып берген өтініші;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Өтініште көрсетілген мән-жайларды растайтын, шетел мемлекетінің уәкілетті органдары берген құжаттар;
- Қағидаларда көзделген жағдайларда және көлемде ұсынылатын өзге де құжаттар.
- Қазақстан Республикасы азаматының шетел мемлекетінен Қазақстан Республикасына қайтуына байланысты көлік шығыстарын төлеу (эконом-класс әуе билеті құнынан аспайтын мөлшерде);
- Қағидаларда белгіленген нормативтер шегінде тамақтануға, тұруға және алғашқы қажетті заттарды сатып алуға біржолғы материалдық көмек көрсету;
- Қағидаларда көзделген жағдайларда жүктi жөнелтуге, Қазақстан Республикасы азаматының мәйітін тасымалдауға, сондай-ақ шетел мемлекетінде жерлеуге немесе кремациялауға байланысты шығыстарды төлеу.
Өтінішті қарау және қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан кезең-кезеңімен Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: 5251 Уестхаймер роуд, 11 қабат, 1100 кеңсе, Хьюстон қаласы, Техас 77056
Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (832) 982-0082 және / немесе электрондық пошта: kazconsul.houston@gmail.com, houston@mfa.kz