Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Жарияланған күні: 18 қараша 2026
Жаңарту күні: 18 қараша 2026
Көру саны:5
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру.
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру.
- Құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландыру.
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардан басқа мәмілені (сенімхатты) куәландыру.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Өтініш.
- Құжаттың түпнұсқасы.
- Төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Сенімхатты ресімдеу үшін өтініш беруші:
- Өтініш;
- Өтініш берушінің төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
1 жұмыс күні
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 30 АҚШ доллары;
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру - 40 АҚШ доллары;
- Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 30 АҚШ доллары;
- Мәмілені (сенімхатты) куәландыру - 50 АҚШ доллары.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
Уақытша кезекпен қабылданады.
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: 5251 Уестхаймер роуд, 11 қабат, 1100 кеңсе, Хьюстон қаласы, Техас 77056
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (832) 982-0082 және / немесе электрондық пошта: kazconsul.houston@gmail.com, houston@mfa.kz