Консулдық есеп
Жарияланған күні: 13 қараша 2026
Жаңарту күні: 13 қараша 2026
Көру саны:4
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының болу елінің заңнамасымен ҚР мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.
Консулдық есептің түрлері:
- тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін;
- уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу, туристік сапар және т.б.).
КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ТҰРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады
- электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі (салыстыру үшін);
- толтырылған тіркеу картасы.
Уақытша консулдық есепке тұру үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- толтырылған тіркеу картасы.
КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- еркін нысандағы өтініш.
- жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады
- электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
- портал арқылы – 1 жұмыс күн.
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
тегін
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
Уақытша кезекпен қабылданады.
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: 5251 Уестхаймер роуд, 11 қабат, 1100 кеңсе, Хьюстон қаласы, Техас 77056
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (832) 982-0082 және / немесе электрондық пошта: kazconsul.houston@gmail.com, houston@mfa.kz
Жарияланған күні
13 қараша 2026
Жаңарту күні
13 қараша 2026
Түрі
Қызмет бағыты