АҚШ-ға шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Жарияланған күні: 12 қараша 2026
Жаңарту күні: 12 қараша 2026
Көру саны:14
АҚШ-ҚА БАРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
🛂Виза тәртібі
Қазақстан мен АҚШ арасында визалық режим бар. Сапар мақсатына сәйкес келесі виза түрлері:
- B1/B2 — іскерлік/туристік;
- F — оқу (ЖОО, тіл курстары);
- J — алмасу бағдарламалары;
- H, L, O — келісімшартпен жұмыс істеу.
Кіру мерзімін АҚШ шекарашылары I-94 жүйесінде тіркейді.
🛃Кеден ережелері
- Тыйым салынған заттар: есірткі, рұқсатсыз қару, ет, жеміс, тұқым, өсімдіктер;
- $10,000-нан жоғары ақшаны декларациялау қажет;
- Жеке заттар — тек жеке қолдануға рұқсат етіледі.
📘Паспорт
Паспорт сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды болуы қажет. 1–2 бос бет болуы керек.
🏥Медициналық сақтандыру
- Жедел көмек пен ауруханаға жатқызуды қамтуы тиіс;
- Пациентті тасымалдау/елге қайтару;
- Кез келген штатта жарамды;
- 24/7 байланыс желісі.
👔Заң және тәртіп
- Мас күйде көлік жүргізу — қылмыс;
- Қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін;
- Грубость, агрессия — қабылданбайды;
- Пара беру немесе алу — заңсыз.
📱Пайдалы кеңестер
- Google Maps, Uber, аударма қосымшаларын жүктеңіз;
- Visa/MasterCard, Apple Pay қолданыңыз;
- SIM-карта алыңыз немесе роуминг қосыңыз;
- 110 В ток, A/B типті розеткалар — адаптер керек;
- Бағаларға салық (5–10%) қосылады.
📑Оқу, жұмыс, тұрақты тұру
- Құжаттарды апостильдеу/заңдастыру;
- Ағылшын тіліне нотариалды аударма;
- USCIS талаптарын зерделеу.
🚨Төтенше жағдайлар
- Қамау, қауіп немесе ЖКО — консулмен кездесу талап етіңіз;
- Құжаттарға аудармасыз немесе консулсыз қол қоймаңыз;
- Елшілік немесе Бас консулдықпен байланысыңыз.
✅ Сәтті сапар тілейміз!
Жарияланған күні
12 қараша 2026
Жаңарту күні
12 қараша 2026