ҚР азаматының паспортын ресімдеу
Жарияланған күні: 21 желтоқсан 2023
Жаңарту күні: 18 наурыз 2025
Көру саны:232
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
- шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
- шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
- көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
- шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
- жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
- шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.
Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Өтініш.
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде).
- Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).
- Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
- Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
- Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме).
- Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
- Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда).
РЕСІМДЕУ МЕРЗІМІ
- Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- 75 еуро
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: 00570 Хельсинки қ., Hopeasalmentie көшесі, 4
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: (+358) 94 247 2048 және/немесе электрондық пошта: KazConsulateFin@gmail.com.
Жарияланған күні
21 желтоқсан 2023
Жаңарту күні
18 наурыз 2025
Түрі
Қызмет бағыты