Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Вьетнам Социалистік Республикасымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 24-26 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали бастаған делегация екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Вьетнамға өзінің алғашқы сапарын жасады.
Сапар аясында қазақстандық делегация келесі кездесулерді өткізді:
- Премьер-министр орынбасары Нгуен Хоа Биньмен
- Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Ішкі істер жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Фан Динь Чакпен
- Қоғамдық қауіпсіздік министрі Лыонг Там Куангпен
- Жоғарғы Халық прокуратурасының Бас прокуроры Нгуен Хюи Тиенмен
- Бас мемлекеттік инспектор Доан Хонг Фонгпен
- Әділет министрі Нгуен Хай Ниньмен.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің құзыретті ведомстволары арасында тиісті Келісімдер мен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.