Вьетнам Президенті Қазақстанға баруға мүдделі

Ханой, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Президенті То Ламмен кездесті.
Қазақ дипломаты, ең алдымен, Мемлекет басшымыздың ыстық сәлемін жеткізді. ВСР Президенті То Лам: «10 шілдедегі туған күніме орай Президент Қ.К.Тоқаевтың ізгі құттықтауы мені жылы сезімдерге бөледі. Мұның үстіне, Ұлы дала еліне мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін де достас әрі бауырлас Қазақстанның басшылығына шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Әдемі еліңізге баруға мүдделімін» - деп айтты.
Кейін әңгіме, 2023 ж. тамызда Мемлекет басшымыздың Вьетнамға жасаған ресми сапары және ВСР басшысының қарымта мемлекеттік сапары төңірегінде өрбиді. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық, мәдени және білім ынтымақтастығын жандандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Тараптар, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымының деңгейі 1 млрд. АҚШ долларға жуық болғандығын ескере және биылдың нәтежесінде осы көрсеткіш одан да аса түсетініне үміт артып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге қажет ден келісті.
Елші Тумыш, вьетнамдық компаниялардың соңғы жылдары Қазақстан нарығындағы белсенділігі – ҚР басшылығы мен халқының көңілінен шығуда екендігін білдірді. ВСР инвесторларына бұл орайда тиісті жағымды шарттар ұсынылғандығын мәлімдеді.
Таяуда (2024 ж. 25 мамырда) өз күшіне енген визасыз режімді орнатқан тиісті үкіметаралық келісім, халықтарымыз арасындағы достас, әріптес қатынастарын дамыту ісіне маңызды үлес қосты. Сонымен қатар, өзара туризмді тиесілі әрі қарай дамыту үшін – келесі батыл және табанды қадамдар қажет. Бұл байламда, «Air Astana» ұлттық әуе компаниямыздың Хошимин және Дананг қалаларымен (Астана және Алматыдан) тікелей әуе қатынастар орнату мәселесі маңызды. Бұл, «VietJetAir» (Вьетнам) және «SCAT Airlines» (Қазақстан) әуе компанияларының Нячанг және Фукуок қаларына жасаған рейстерімен (Астана, Алматы және Тараздан) бірге – екі халық, екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға жақсы негіздеме/платформа болады.
ВСР Президенті, вьетнамдық компаниялардың Қазақстандағы белсенділігін және жоспарланған ортақ жобаларын ризашылықпен атап өтті. Экономика, өнеркәсіп және сауда, қаржы, инвестиция, көлік, туризм, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және ғылым саларалындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажет деп айтты. Сонымен бірге, мәдени алмасуларды көбірек жасап, білім саласында екі елдің студенттеріне қосымша гранттарды бөлу. Әскери-техникалық ынтымақтастыққа да аса көңіл бөліп, болашақта осы салада тиісті келісімдерге қол жеткізудің қажеттілігін атап өтті.
Халықтарымыз арасындағы байланыстарды нығайту үшін – екі елдің өңірлері арасында бауырластық орнату да аса пайдалы болады. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы – Дананг қаласымен, Алматы қаласы – Кхань Хоа провинциясымен, ал Шығыс Қазақстан облысы – Бак Нинь провинциясы бауырластық меморандумдарына қол қою қарастыруда. Басқа да өңіраралық ынтымақтастық орнату бойынша тиісті жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Елшісі, Вьетнам Президентін Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) іс басындағы қазақстандық Төрағалығының бастамаларымен, сондай-ақ АСЕАН – Вьетнам – Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Түркия – Еуропа бағыты бойынша Халықаралық темір жолы көлігі маршрутының («Орта дәлізінің») әлеуетімен таныстырды. Қос тарап, сол арқылы Вьетнам Қазақстанға және ТМҰ-ға Оңтүстік-Шығыс Азия аймағына, ал Қазақстан Республикасы ВСР және АСЕАН үшін ТМҰ өңіріне әрі Еуропаға да «алтын көпірге» айналатындарына үміт арты.
ВСР Президенті, «Орта дәлізінің», әлеуеті тұрғысынан келешегі зор болатынын атап өтті. Осы орайда, болашақта ортақ халықаралық көлік-логистикалық терминал мен хабтарды құру қажет деген ой білдірді. Себебі бұл АСЕАН-ның тауарларын Қазақстан арқылы Еуропаға тез арада жеткізу үшін әлеуетті арттырады. Бұл байламда Қазақстанның транзиттік әлеуеті әрі Вьетнамға, әрі АСЕАН аймағы үшін де маңызды.
Тараптар, сондай-ақ, БҰҰ және халықаралық/өңірлік ұйымдар аясында ынтымақтастығы жөнінде де пікір бөлісті. Әсіресе, БҰҰ Бас Ассамблеясы, UN ECOSOC, UN ESCAP, UN HRC, UNESCO, IAEA, ЕАЭО, АӨСШК және өзге де ұйым мен форумдардың (Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі және т.б.) аясында. ВСР басшысы, БҰҰ және халықаралық/өңірлік ұйымдар аясындағы ҚР-дың Вьетнамға көрсеткен қолғабысы үшін алғысын білдірді.
ВСР Президенті, қазақ тарапының екіжақты қатынастардағы және көпжақты халықаралық бастамаларына, жалпы, қолдау жасайтынына сендірді.
Вьетнам Президентімен, Түркі мемлекеттері ұйымына Төрағалық ететін Қазақстанның Елшісімен қатар, бауырлас Әзербайжан және Түркияның Елшілері де кездесті.