Ханойда естелік әскери даталар атап өтілді

2 мамырда Ұлы Отан соғысын жеңісінің 79 жылдығына, Оңтүстік Вьетнамның азат етілуінің 49 жылдығына және елдің бірігуіне, сондай-ақ Диенбиенфу шайқасындағы жеңістің 70 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Оған Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясының Елшілері және Хо Ши Мин кесенесін басқару жөніндегі мемлекеттік комитеттің басқарушы құрамы қатысты.
Хо Ши Мин кесенесін басқару жөніндегі мемлекеттік комитеттің бастығы, Кесенені қорғау полкінің қолбасшысы генерал-майор Буй Хай Шон және дипломатиялық өкілдіктердің басшылары өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған батырларға құрмет көрсетіп, бұрынғы КСРО мен Вьетнам халықтарының достығы орнаған тарихи өткен оқиғаларды есте сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.
Азаттық қозғалысының жетекшісі және қазіргі Вьетнам мемлекетінің негізін қалаушы Хо Ши Миннің рөлі атап өтілді, оның өмірі мен қызметі Вьетнам халқы үшін әлі де шабыттандырады және нұсқаулық болып табылады.
Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш өз сөзінде: «Қазақстан жалпы жеңіске зор үлес қосты. Ұлы Отан соғысы кезінде пайдаланылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда құйылды. Менің отбасымда осы қиын жолдан өткен екі батыр бар-менің екі атам да майдангер болған және жалпы Жеңіске үлес қосқан. Олардың бірі Кеңес Одағының Батыры болды».
Елшілік делегациялары Хо Ши Миннің кесенесі мен қаза тапқан батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.