Қазақстан Елшісі Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының президентімен кездесті

Қазақстан Елшісі Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының президентімен кездесті

2023 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Фам Тан Конг мырзамен кездесу өткізді.

Жан-жақты диалог пен пікір алмасу барысында тараптар екіжақты қатынастардағы ұлғая түскен өзара ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда:

1) Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру;

2) Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою;  

3) ҚР-дың Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) Төрағалығы аясында, ТМҰ елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру. Тараптар, осы мақсатта әрі АСЕАН-ға, әрі ТМҰ-ға Вьетнам-ҚХР-Қазақстан-Әзербайжан-Түркия-Еуропа бағыты бойыша транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетін барынша дамыту және арттыру үшін «Орта дәлізді» пайдалану өте маңызды болар еді деген ортақ ойға келді;

4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы басым тауарлардың тізімдерімен алмасу.

Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.