Қазақ Елшісі Вьетнам Парламентінің Вице-спикерімен кездесті

Елші Қанат Тумыш Ханойда Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Ұлттық ассамблеясы Төрағасының орынбасары Нгуен Кхак Динь мырзамен оның ү.ж. 24-28 қыркүйек аралығында Астана және Алматы қалаларына жасаған жұмыс сапарының қорытындыларын талқылау үшін кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Нгуен Кхак Динь, сапардың қорытындыларын жоғары бағалап, қазақ тарапына зор алғысын білдірді. ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Ұлттық ассамблеясы Төрағасы Выонг Динь Хоынг мырзаға жолдаған Қазақстанға ресми сапар жасауға шақыруын вьетнамдық Парламенттің басшысы аса ризашылықпен қабылданғанын хабарлады. ВСР Ұлттық ассамблеясы Төрағасының орынбасары Алматы қаласы мен вьетнамдық Кхань Хоа провинциясы арасында «Бауырластық қатынастар туралы» меморандумға қол қоюды ұсынды. Оның айтуынша, бұл меморандум екі өңір арасында туризм мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай ықпал ететін болады.
Жалпы, Нгуен Кхак Динь мырза, алдағы жылдары Қазақстан-Вьетнам парламентаралық қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмысты жан-жақты қолдауға дайын екендігін білдірді. Вьетнам Ұлттық ассамблеясының қадағалаушы комитеттеріне Қазақстанмен жұмысты жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар бергендігін хабарлады.
Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достас ахуалда өтті.
https://quochoi.vn/pho-chu-tich/Pages/pct-nguyen-khac-dinh.aspx?ItemID=81110