Меню

Страницы

Статья

Визаларды рәсімдеу және ұзарту

 

Виза беру үшін келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

Визалық анкета

  • қолмен анық етіп немесе электронды форматта қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде толтырылады;
  • сұрақтарға жауаптар толық және түбегейлі болуы тиіс;
  • виза алушының өзі тарапынан жеке қол қойылады;
  • кәмелетке толмаған балалардың атынан визалық құжаттар олардың заңды өкілдері арқылы беріледі.

Көлемі 3,5 х 4,5 см болатын бір түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосурет:

  • визалық анкетаға жабыстырылатын фотосурет құжатты рәсімдеу сәтіндегі азаматтың жасына сәйкес келуі тиіс, бет-әлпеті алдынан анық бейнеленген, күңгірт көзілдіріксіз және бас киімсіз болуы керек, бас киімді үнемі киіп жүру олардың ұлттық немесе діни ерекшелігінің міндетті атрибуты болып табылатын адамдарды қоспағанда (бұл жағдайда аталған адам төлқұжаттағы фотосуретте де сондай бас киіммен бейнеленуі тиіс).

ҚР ІІМ-де тіркелген шақыру немесе өтініш-хат:

Шет мемлекеттің жарамды төлқұжаты:

  • төлқұжаттың түпнұсқалығы мен иесіне тиесілігі күмән тудырмауы керек, онда белгілер, ескертулер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе сөгілген беттер болмауы тиіс;
  • визаларға арналған кемінде 2 бос беті болуы керек;
  • оның қолданылу мерзімі сұралып отырған визаның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс;
  • қолданылу мерзімін ұзарту туралы белгілері болмауы тиіс.

Консулдық алымның төленгенін растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы:

  • төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

Виза алушылар:

  • шор мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген тұлғалар және олардың отбасы мүшелері;
  • дипломатиялық төлқұжаты бар шет мемлекеттер парламенттерінің, үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың мүшелері, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген тұлғалар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаты бар ресми шетелдік делегациялардың мүшелері мен оларға ілесіп жүруші тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасына қызметтік іс-сапармен бара жатқан, дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар дипломатиялық төлқұжаттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар төлқұжаттарының иелері;
  • курьерлік парағы бар, дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық төлқұжат иелері — дипломатиялық курьерлер.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • вербальды нота.

Виза алушылар:

  • шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің дипломатиялық агенттері;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғалары, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін келе жатқан тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары және олардың отбасы мүшеелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 180 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • вербальды нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация жағдайында — орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі мен аты көрсетіледі).

Виза алушылар:

  • ресми шетелдік делегациялардың мүшелері, оларға ілесіп жүретін адамдар және олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген және Қазақстан Республикасына келетін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (ҚР СІМ-мен келісім бойынша);
  • Қазақстан Республикасына қызметтік істермен келе жатқан шет мемлекеттердің әскери қызметшілері;
  • "A2" және "А4" санатты визаларға үміткер тұлғалардың асырауындағы адамдар;
  • дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдар төлқұжаттарының иелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық төлқұжат иелері және олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасына қызметтік іс-сапармен келе жатқан қызметтік төлқұжат иелері;
  • дипломатиялық төлқұжаты болмаған жағдайда, курьерлік парағы бар, дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер;
  • шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына іс-сапарға келе жатқан тұлғалар;
  • ғарыш кеңістігіне ұшуды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін және ғарыш кеңістігінен Жерге оралатын ғарышкерлер мен астронавттар.

Визаның мәртебесі (еселігий) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 1 жылға дейін (ғарышкерлер мен астронавттарға 3 жылға дейін), визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • вербальды нота.

Виза алушылар:

  • дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналының мүшелері;
  • халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлері;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттер консулдық мекемелерінің консулдық қызметшілері, қызмет көрсетуші персоналының жұмыскерлері және олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 180 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • вербальды нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, а ротация жағдайында — орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі мен аты көрсетіледі).

Виза алушылар:

  • Республика аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын басшылар және/немесе олардың орынбасарлары;
  • Қазақстан Республикасы аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
  • АХҚО-ның инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 5 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасының экономикасына 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендер.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • көпреттік — 10 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алушылар:

  • конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми және басқа да іс-шараларға қатысушылар;
  • кеңестерге, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға, көрмелерге, сарапшылардың жиналыстарына қатысушылар;
  • гуманитарлық көмекті жеткізушілерге ілесіп жүрушілер;
  • оқу орындарында лекция оқу және сабақ жүргізу мақсатында келушілер;
  • Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқуды қоспағанда, жастар, студенттер және мектеп алмасу бағдарламаларына қатысушылар;
  • спорттық іс-шараларға қатысушылар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, 60 күнге дейін болу құқығымен;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, әр кірген сайын 60 күннен аспайтын мерзімге болу құқығымен.

Виза алушылар:

  • жабдықтарды монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мақсатында келушілер;
  • консультациялық немесе аудиторлық қызмет көрсету мақсатында келушілер.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, 30 күнге дейін болу құқығымен;
  • көпреттік — 180 күнге дейін, 90 күнге дейін болу құқығымен.

Виза алушылар:

  • келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасасу үшін келушілер;
  • индустрияландыру және инвестиция саласындағы ынтымақтастық шеңберінде келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасасу үшін келушілер;
  • құрылтайшылар немесе директорлар кеңесінің мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, 30 күнге дейін болу құқығымен;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, әр кірген сайын 30 күннен аспайтын мерзімге болу құқығымен.

Виза алушылар:

  • халықаралық автокөлік тасымалын жүзеге асыратын тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, 30 күнге дейін болу құқығымен;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, әр кірген сайын 30 күннен аспайтын мерзімге болу құқығымен.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүруіне рұқсат құжаттары;
  • халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға берілген рұқсаттың көшірмесі;
  • жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
  • көлік құралының құжаттары.

* Виза иесі Қазақстан Республикасының аумағына тек алынған виза санатына сәйкес келетін көлікпен ғана кіріп-шыға алады.

Виза алушылар:

  • Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтарының мүшелері, пойыз бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, 30 күннен аспайтын болу құқығымен;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, әр кірген сайын 30 күннен аспайтын мерзімге болу құқығымен.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • автокөлік құралының Қазақстан Republicсы аумағымен жүруіне рұқсат құжаттары.

* Пойыз бригадаларының мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына тек алынған виза санатына сәйкес келетін көлікпен ғана кіре алады.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына діни бірлестіктің іс-шараларына қатысу үшін келе жатқан тұлғалар (миссионерлік қызметті қоспағанда).

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, 30 күннен аспайтын болу құқығымен.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін келе жатқан тұлғалар, соның ішінде "Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқудан өтушілер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 180 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Қазақстан Республикасына кіру визасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) виза алуға арналған өтініш-сауалнама, 3,5 х 4,5 сантиметр өлшеміндегі түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуретімен бірге; 

2) ҚР шет елдік мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де визаны ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақырудың нөмірі мен күні (шақырудың нөмірі мен берілген күнін қабылдаушы тарап виза алушыға хабарлайды), немесе виза санаттарын алушының өтінішхаты;

3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік, шетелдік паспорты немесе Қазақстан Республикасы танитын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге де құжат;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы;

Төленген консулдық алым сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес, 25.12.2017 жылғы №120-VI нұсқасы).

5) виза санатына сәйкес виза алу үшін қажетті қосымша құжаттар ( Қағидаларға 1-қосымша).

6) ҚР-ға тұрақты тұруға кету бойынша B8 визасын беру үшін, осы өтінішхатқа 75 еуро төленеді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018702) 

Виза алушылар:

  • сұранысқа ие мамандықтары бар тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнтізбелік күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік (бір жыл ішінде 1 рет беріледі) — 90 күнтізбелік күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу签 үшін қосымша құжаттар:

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін келе жатқан IT-мамандар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік электронды — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік қағаз түріндегі — 1 жылға дейін (бірреттік электронды В9-1 визасы болған жағдайда ҚР ІІМ тарапынан беріледі), визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • ҚР ақпараттандыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының немесе Astana Hub-тың өтінішхаты.

Виза алушылар:

  • жеке шаруаларымен келе жатқандар;
  • жақындарының/туыстарының жерлеу рәсіміне немесе ауырып қалу жағдайларына байланысты келе жатқандар — растаушы құжаттары болған кезде;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірге келетін жұбайлары, балалары (соның ішінде асырап алынғандар) немесе ата-аналары (қорғаншылары, қамқоршылары) (туыстықты растайтын құжаттар болған кезде);
  • этникалық қазақтармен бірге келетін жұбайлары, балалары (этникалық қазақ болып табылмайтындар).

Қосымша құжаттар:

  • Консулдың атына еркін нысандағы өтініш
  • Шақырушы тұлғаның төлқұжатының (куәлігінің) көшірмесі

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 тәулікке дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 180 күнге дейін, әр кірген сайын 90 күннен аспайтын мерзімге;
  • көпреттік (бұрынғы отандастар үшін) — 3 жылға дейін, әр кірген сайын 90 күннен аспайтын мерзімге.
  • Бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасының азаматтығында туған немесе бұрын болған және шетелде тұрақты тұратын тұлға.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Republicсының азаматтарын балалыққа алу үшін Қазақстан Республикасына келе жатқан тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 180 күнге дейін, 120 күннен аспайтын болу құқығымен;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, әр кірген сайын 120 күннен аспайтын мерзімге болу құқығымен.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына турист ретінде келе жатқан тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнге дейін, 30 күннен аспайтын болу құқығымен;
  • көпреттік — 90 күнге дейін, әр кірген сайын 30 күннен аспайтын мерзімге болу құқығымен.

Виза алушылар:

  • қашықтан жұмыс істейтін және шетелдік көздерден тұрақты табысы бар тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • соңғы 6 айдағы 3000 АҚШ долларынан асатын тұрақты айлық табысты растайтын банк үзіндісі;
  • азаматтығы бар елдің құзыретті органы берген салық декларациясы;
  • азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын елдің уәкілетті органы берген соттылығының жоқтығы туралы құжат;
  • сұралып отырған виза мерзімін қамтитын медициналық сақтандыру.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту үшін келе жатқан тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнге дейін, бір бағытта 5 күннен аспайтын болу құқығымен;
  • көпреттік — 180 күнге дейін, бір бағытта 5 күннен аспайтын болу құқығымен.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • жол жүру құжаттары;
  • рәсімделген виза;
  • жеке көлік құралымен жүретін болса, жүргізуші куәлігі және көлікті басқару құқығын растайтын құжаттар.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасы аумағына тұрақты тұру мақсатында келе жатқан немесе онда жүрген этникалық қазақтар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты туралы жазба болмаған жағдайда — өтініш берушінің ұлтын растайтын құжаттар;
  • қандастардың иммиграциялық квотасына басым тәртіппен енгізілу құқығын растайтын құжаттар (бар болса);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығында көрсетілген аурулардың өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде жоқ екендігі туралы анықтама;
  • азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын елдің уәкілетті органы берген соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы құжат.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, этникалық қазақтардың және бұрынғы отандастардың және Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған (кемінде екі жыл мерзімге) тұлғалардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ бизнес-иммигранттардың отбасы мүшелері болып табылатын тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне немесе шақырушы тұлғаның тіркелу мерзіміне (ҚР азаматтарынан басқа).

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • шақырушы тұлғаның еркін нысандағы өтінішхаты;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шақырушы тұлғаның уақытша тұруға рұқсатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • шақырушы тұлғаның және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • шақырушы тұлғаның республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде әрбір отбасы мүшесін айына асырауға қаражаты бар екендігін растау;
  • шақырушы тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйі бар екендігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі, оның алаңы 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір отбасы мүшесіне белгіленген төменгі нормативтерге сәйкес келуі тиіс;
  • шақырушы тұлғаның отбасы мүшелеріне арналған медициналық сақтандыру;
  • Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған, шақырушы тұлғамен отбасылық қатынастарды растайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде бір жыл тұрған) құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • шақырушы тұлғаның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын елдің уәкілетті органы берген соттылығының бар немесе жоқ екендігін растайтын құжат.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына келе жатқан тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында жүрген тұлғалар;
  • отбасы мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 3 жылға дейін (АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының қызметкерлеріне немесе "Астана Хаб" қызметкерлеріне – 5 жылдан аспайды), визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алушылар:

  • экономиканың басым секторларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келе жатқан немесе Қазақстан Республикасында жүрген тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 3 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

  • өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама.

Виза алушылар:

  • бизнес-иммигранттар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

  • бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;
  • көпреттік — 2 жылға дейін (этникалық қазақтарға - 3 жылға дейін), визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

Виза ҚР шетелдік мекемелерімен шақыру негізінде мыналар болған кезде беріледі:

  • еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын медициналық анықтама;
  • медициналық сақтандыру;
  • азаматтығы немесе тұрақты тұрғылықты жері елінің уәкілетті органы берген сотталғанының یاки сотталмағанының бар-жоғын растайтын құжат;
  • егер осындай құжатты беру шет мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, азаматтығы немесе тұрақты тұрғылықты жері елінің уәкілетті органы берген сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйымның бар-жоғын немесе жоқтығын растайтын құжат. Виза алушы кәмелетке толған болуы тиіс.

Виза алушылар:

маусымдық шетелдік жұмыскерлер.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;

көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат.

Виза алушылар:

Қазақстан Республикасына миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін келе жатқан тұлғалар;

олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

бірреттік — 90 күнге дейін, 30 күннен аспайтын болу құқығымен;

көпреттік — 180 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алушылар:

Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласында өтеусіз негізде қызмет көрсету үшін келетін еріктілер (волонтерлер);

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;

көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алушылар:

Қазақстан Республикасына оқуға түсу мақсатында келе жатқан және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылар, соның ішінде білім алушыларды ұйымдасқан түрде алмасу бағдарламалары және дайындық курстарынан өту бойынша келетіндер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;

Қазақстан Республикасына уақытша келген және визасыз режим бойынша келіп, Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақтар;

отбасы мүшелері.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;

көпреттік — 1 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

кәмелетке толмаған виза алушылар үшін заңды өкілдерінің қазақ немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің болуы.

Виза алушылар:

этникалық қазақтар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

бірреттік — 90 күнге дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне;

көпреттік — 3 жылға дейін, визаның бүкіл қолданылу кезеңіне.

Виза алу үшін қосымша құжаттар:

ұлттық тиесілілігін растайтын құжаттар.

Виза алушылар:

Қазақстан Республикасына емделу, медициналық тексеруден өту немесе консультация алу үшін келе жатқан тұлғалар, сондай-ақ оларға ілесіп жүруші тұлғалар;

Қазақстан Республикасында жүрген, оларды емдеу қажеттілігі туындаған тұлғалар, сондай-ақ оларға ілесіп жүруші тұлғалар;

Қазақстан Республикасына медициналық мекемелерде емделіп жатқан жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге күтім жасау мақсатында келе жатқан тұлғалар.

Қазақстан Республикасында жүрген, медициналық мекемелерде емделіп жатқан жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге күтім жасау қажеттілігі туындаған тұлғалар.

Визаның мәртебесі (еселігі) және қолданылу мерзімі:

бірреттік — 180 күнге дейін, визаның қолданылу мерзімі 90 күннен аспайды;

көпреттік — 180 күнге дейін, визаның қолданылу мерзімі 90 күннен аспайды.

 

Бірреттік электронды "A3", "В1", "В3", "В10", "В12", "В12-1" визалары Визалық-көші-қон порталы арқылы келесі елдердің азаматтарына рәсімделеді:

1

Алжир Халық Демократиялық Республикасы

55

Мадагаскар Республикасы

2

Ангола Республикасы

56

Солтүстік Македония Республикасы

3

Андорра Кінәздігі

57

Малави Республикасы

4

Антигуа және Барбуда

58

Мали Республикасы

5

Аруба

59

Мальдив Республикасы

6

Багам Аралдары Достығы

60

Марокко Корольдігі

7

Бангладеш Халық Республикасы

61

Маршалл Аралдары Республикасы

8

Барбадос

62

Микронезия

9

Белиз Республикасы

63

Мозамбик Республикасы

10

Бенин Республикасы

64

Мьянма Одағы Республикасы

11

Боливия Көпұлтты Мемлекеті

65

Намибия Республикасы

12

Босния және Герцеговина

66

Науру Республикасы

13

Ботсвана Республикасы

67

Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы

14

Бруней-Даруссалам Мемлекеті

68

Нигер Республикасы

15

Буркина-Фасо

69

Нигерия Федеративтік Республикасы

16

Бурунди Республикасы

70

Никарагуа Республикасы

17

Бутан Корольдігі

71

Палау Республикасы

18

Вануату Республикасы

72

Панама Республикасы

19

Венесуэла Боливар Республикасы

73

Папуа-Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті

20

Габон Республикасы

74

Парагвай Республикасы

21

Гайана Кооперативтік Республикасы

75

Перу Республикасы

22

Гаити Республикасы

76

Руанда Республикасы

23

Гамбия Республикасы

77

Эль-Сальвадор Республикасы

24

Гана Республикасы

78

Сан-Марино Республикасы

25

Гватемала Республикасы

79

Самоа

26

Гвинея Республикасы

80

Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

27

Гвинея-Бисау Республикасы

81

Эсватини Корольдігі

28

Гондурас Республикасы

82

Сейшел Аралдары Республикасы

29

Гренада

83

Сенегал Республикасы

30

Джибути Республикасы

84

Сент-Винсент және Гренадиндер

31

Доминика Достығы

85

Сент-Китс және Невис Федерациясы

32

Доминикан Республикасы

86

Сент-Люсия

33

Мысыр Араб Республикасы

87

Суринам Республикасы

34

Замбия Республикасы

88

Сьерра-Леоне Республикасы

35

Зимбабве Республикасы

89

Танзания Біріккен Республикасы

36

Үндістан Республикасы

90

Того Республикасы

37

Иран Ислам Республикасы

91

Тонга Корольдігі

38

Камбоджа Корольдігі

92

Тринидад және Тобаго Республикасы

39

Камерун Республикасы

93

Тувалу

40

Кения Республикасы

94

Тунис Республикасы

41

Кирибати Республикасы

95

Түркіменстан

42

Корей Халық Демократиялық Республикасы

96

Уганда Республикасы

43

Қытай Халық Республикасы (Гонконг ААА, Макао ААА, Тайвань)

97

Уругвай Шығыс Республикасы

44

Комор Аралдары

98

Фарер Аралдары

45

Конго Республикасы

99

Фиджи Республикасы

46

Коста-Рика Республикасы

100

Орталық Африка Республикасы

47

Кот-д’Ивуар Республикасы

101

Чад Республикасы

48

Куба Республикасы

102

Черногория

49

Лаос Халық Демократиялық Республикасы

103

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

50

Лесото Корольдігі

104

Эритрея Мемлекеті

51

Либерия Республикасы

105

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

52

Ливан Республикасы

106

Оңтүстік Африка Республикасы

53

Маврикий Республикасы

107

Ямайка

54

Мавритания Ислам Республикасы

 

 

 

Құжаттар пакеті көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылған сәттен бастап – 5 жұмыс күніне дейін

Виза

Бірреттік

Көпреттік

Стандартты

75 еуро

170 еуро

Туристік

50 еуро

80 еуро

Транзиттік

15 еуро

80 еуро

Generalkonsulat von Kasachstan

IBAN: DE 29 1007 0100 0356 6999 01

BIC: DEUTDEBB101

 

6 жасқа дейінгі балаларға виза тегін қойылады

 

Төлем жасау кезінде мұқият болыңыз – ақшалай қаражат ГФР-дегі ҚР-дың басқа консулдық мекемесінің есеп айырысу шотына қате жіберілген немесе консулдық қызметтер үшін артық төленген жағдайда, төленген қаражат қайтарылуға жатпайды (ҚР Салық кодексінің 678-бабының 7-тармағы).

Шақыруларды рәсімдеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуіне арналған шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы

Шет мемлекеттің аумағында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы

Иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынған тұлғаларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Құжаттарды қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі және жексенбіден, сондай-ақ мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін.

Қабылдауға жазылуды мына сілтеме бойынша брондауға болады.

Мекенжайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg

Мына телефон бойынша хабарласыңыз: +49 (0) 403 037 64 83 және/немесе электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz.

Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
28 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2026
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мүдделерін білдіру» бағдарламасы шеңберінде қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
26 марта 2026
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
Ақпарат
26 марта 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары