«Отандастар» қоры шетелдегі қандастарға арналған онлайн-қазақ тілі курстарын іске қосады

«Отандастар» қоры шетелдегі қандастарға арналған онлайн-қазақ тілі курстарын іске қосады

«Отандастар» қоры (КеАҚ) шетелдегі қазақ диаспорасына арналған онлайн-қазақ тілі курстарының басталғанын хабарлайды. Сабақтар 2025 жылдың наурыз айында басталып, ағылшын және орыс тілді аудиторияға бейімделеді. Кесте әр елде тұратын қандастарға ыңғайлы уақытпен жасақталады.

Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарға Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген «Абай институты» мобильді қосымшасы қолжетімді. Бұл қосымшада қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тесттер (A1, A2, B1, B2, C1), әдістемелік материалдар, бейнесабақтар мен оқыту роликтері қамтылған. Сондай-ақ, қолданушылар Қазақстанның көрікті жерлері мен туристік әлеуеті туралы ақпарат ала алады. Қосымшаны App Store және Play Market платформаларынан жүктеуге болады. Толық ақпарат: https://abai.institute/.

Тегін онлайн-қазақ тілі курсына тіркелу:

🔹 Қазақ тілінде – oq.gov.kz/news/1220 

🔹 Орыс тілінде – oq.gov.kz/ru/news/1220

🔹 Ағылшын тілінде – oq.gov.kz/en/news/1220