Екіжақты ынтымақтастықты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Амстердам еркін университетінің өкілдері талқылады

Екіжақты ынтымақтастықты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Амстердам еркін университетінің өкілдері талқылады

Ү.ж. 15 мамырда ҚР-дың Нидерландыдағы Елшілігінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы мен Амстердам еркін университетінің (нидерланд. Vrije Universiteit Amsterdam) өкілінің кездесуі өтті.                                                            

 Кездесу барысында білім, әлеуметтану, тұрақты даму, инклюзивті білім беру, бірлескен семинарлар құру салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетті жобалары талқыланды. Екі жақ алдағы уақытта ынтымақтастық пен басым білім беру жобалары бойынша тәжірибе алмасуға ниет білдірді. Елші А.Жұмағалиев Нидерланд мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқаны туралы, сондай-ақ білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігі туралы қосты. Кездесу қорытындысы бойынша екі университет өкілдері тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы келісті.