Гаагада Наурыз мерекесі тойланды

Гаагада Наурыз мерекесі тойланды

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі Гаага қ. Наурыз мерекесін ұйымдастырды. Ісшара «Дилидженсия» театрында өтіп, кеш аясында «Тұран» музыкалық ансамблі жиналған қауымға өз өнерін паш етті

Кешке 400-ден қонақ келді. Олардың арасында Нидерландта тұратын Қазақстан азаматтары, нидерландтың бизнес өкілдері мен саясаткерлері, сондай-ақ Нидерланд Корольдігіндегі түрлі елдердің елшілері болды. Концерттен кейін қонақтар Елшілік ұйымдастырған дастраханнан дәм татыпотандастармен қауышуға мүмкіндік алды

Концертте «Тұран» ансамблі шаң-қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз аспаптарында ойнап, көмейден ән салды, көшпенділер шығармаларын орындады. Бұл ауқымды ісшара Нидерландта дәстүрлі қазақ әндері мен әуендерін ілгерілетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, шарада елшілік ұйымдастыратын қазақ тілі үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Олар «Мен Қазақпын», «Наурыз» және басқа қазақ шығармаларды орындады. Соның арқасында қазақ тілі үйірмесіне қатысуға өтініш білдірушілердің саны айтарлықтай өсті.

Жалпы, қонақтар кеш туралы жағымды пікірлерін қалдырып, Наурыз мерекесін ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Концертке келген саясаткерлер мен жалпы көрермендер, осындай іс-шараның қазақтың салт-дәстүрін насихаттаудың жақсы жолы, деп өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, концерттің арқасында отандастарымыз бір-бірімен танысуға тамаша мүмкіндік алды