Нидерланд университеті Қазақстандағы университеттермен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Амстердам, 2022 жылғы 26 мамыр - Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев TIO қолданбалы ғылымдар университетінің басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында университет өкілдері Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.
«Инновация – болашақтың кепілі. Жергілікті компаниялардың көпшілігі инновацияларды әзірлеуге және енгізуге ерекше мән беретінін байқауға болады. Мысалы, әлемге әйгілі Philips компаниясын алайық. Міне, біз соған жатырмыз. Студенттердің осында қалуға немесе өз Отанына кетемін деген шешіміне қарамастан, оларға білім беріп, шабыттандырғыңыз келеді», - деді кездесу барысында TIO университетінің оқытушысы Карло ван Рантвейк.
Университет студенттеріне нарықтың талабы мен сұранысына сай білім беретін бизнесмендер сабақ береді.
Сондытан, TIO идеологиясы, ұстанымы және болашаққа деген көзқарасы ұқсас қазақстандық университеттермен ынтымақтастық орнатуға мүдделі.
«Біз үшін талапкерлердің саны емес, сапасы маңызды. Біздің Корольдіктегі басқа университеттерден басты ерекшелігіміз – тәжірибе. Біз теориямен айналыспаймыз, біз практикалық талаптарға бейімделеміз», - деп түсіндіреді университет өкілдері.
Мәселен, бакалавриат бағдарламасын 4 жылда емес, 3 жылда аяқтауға болады. Соңғы оқу жылы толығымен тәжірибеге арналған.
Бұл оқу орны өзінің оқу жоспарларының Жоғары білім жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес соңғы 11 жылдағы Нидерландыда ең жақсы деп танылуымен ерекшеленетінін ескеру керек.