Нидерландтық мамандар жылыжай секторындағы өнімділікті арттыру және шығындарды оңтайландыру бойынша тегін вебинар өткізеді

Нидерландтық мамандар жылыжай секторындағы өнімділікті арттыру және шығындарды оңтайландыру бойынша тегін вебинар өткізеді

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшігі мен «KazakInvest» АҚ-ның қолдауымен, нидерландтық Plant Empowerment агенттігі «Plant Empowerment: жылыжай секторындағы өнімділікті 30%-ға дейін арттыру және шығындарды қалай оңтайландыруға болады» атты вебинар өткізетінін хабарлаймыз.

Аталған вебинар Астана уақытымен 2023 ж. 19 қантар сағат 16.00 өтеді. Семинарды Plant Empowerment сарапшысы Марк ван дер Верф және Kazakh Invest өкілі Ұлбосын Сарыбаева жүргізеді.

Вебинар ZOOM платформасы арқылы өтеді. Осыған орай, қызығушылық білдірген азаматтар алдын-ала келесі сілтеме бойынша тіркеле алады: тіркелу.

Вебинар бағдарламасы осында.

Plant Empowerment туралы ақпарат.

Оқиға күні

19 қаңтар 2023

Оқиға түрі

Видеоконференция