«Жылыжайлардағы цифрлық шешімдер» тақырыбындағы вебинар


Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді «Жылыжайлардағы цифрлық шешімдер» тақырыбындағы бірегей вебинарға қатысуға шақырамыз.
Күні: 13 сәуір, сағат 16.00 (Нұр-Сұлтан уақыты).
Спикерлер: Lets Grow, Ridder және Blue Radix жетекші әлемдік компанияларының сарапшылары.
Модераторлар: Dutch Greenhouse Delta бас директоры – Эрик Эгбертс және Қазақстан жылыжайлары одағының президенті – Нұрлан Әділхан.
Өтетін орны: ZOOM онлайн платформасы, қосылу үшін https://us06web.zoom.us/j/97324996013?pwd=eHVFWDR5RTArZ1pPd3N1cmw0WHZUQT09 сілтемесін басыңыз.
Вебинарды ұйымдастырушылар: ҰАҒБО және Dutch Greenhouse Delta. Қолдау көрсеткендер – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі, Kazakh Invest және Қазақстанның жылыжай одағы.
Анықтама: Вебинарлар сериясы ҰАҒБО мен Dutch Greenhouse Delta арасындағы 2021 жылғы 3 маусымдағы меморандум негізінде тегін ұйымдастырылады.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ҰАҒБО) бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы. ҰАҒБО миссиясы – аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу.
Dutch Greenhouse Delta (DGD) бүкіл әлемде нидерландтық жылыжай бау-бақшасын ілгерілету үшін құрылған. DGD - өсіп келе жатқан мегаполистердегі азық-түлік және гүл өсіру бойынша күрделі, ауқымды жобаларға «бір терезе» болып келеді. Жетекші нидерландтық серіктестермен бірге жұмыс істей отырып, DGD зерттеудің, кәсіпкерлік тәжірибенің, білім берудің және үкіметтік қарым-қатынастардың біртұтас Fork2Farm бау-бақша экожүйесін ұсынады.
13 сәуір 2022
ZOOM онлайн платформасы
Семинар