Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген ҚР-ның азаматтарына арналған ақпарат
Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР-ның аумағынан жеке шаруаларымен шығып, сол жерде тұрақты тұру үшін қалуға ниет білдірген болса, ҚР-ның құзыретті органдарынан тиісті рұқсат алу үшін құжаттарын ҚР-ның шетелдегі мекемелеріне тапсыра алады.
НК-де ТТҚ-ға туралы құжаттарды тапсыру үшін Сізге алдын ала ҚР НК-дегі консулдык мекемесінің қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 3 данада ұсынуыңыз қажет:
ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші еркін үлгіде жазылған түсініктеме береді.
ҚР азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта тапсырады;
Өтініш берушінің әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;
THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:
ACCOUNT NR: 54.65.49.152
BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A
IBAN: NL67ABNA0546549152
BANK: ABN AMBRO N.V.
ADDRESS: Badhuisweg 91,
2587 CE DEN HAAG, THE NETHERLANDS
Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Сіздің өтінішіңіз бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін, Сіз НК-де тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз келесі құқығыңыз бар:
1.ҚР паспортты НК-дегі консулдық мекемесінде консулдық есепке қою, бұл сізге:
жаңа төлқұжат жасауын (мысалы, тегі өзгерген кезде, төлқұжаттың барлық беттерін пайдалану, төлқұжаттың жарамдылық мерзімі немесе балаларыңызға);
2.ҚР азаматтығынан шығу үшін консулдық бөлімге өтініш беруге.
Назар аударыңыз! Қажет болған жағдайда ҚР консулдық мекемесі Сізден қосымша құжаттарды талап етуге құқылы бар.