Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес ҚР-ның азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы ҚР-ның шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және ҚР азаматының паспортын (немесе ҚР азаматтығы туралы мөртабасы бар бұрынғы КСРО паспортын) тапсыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы өтініш беру үшін Сізге алдын ала ҚР НК-дегі консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды 1 данада ұсынуыңыз қажет:
Кәмелетке толмаған балалардың келуі керек емес.
Ескертпе: басқа мемлекеттердің аумағында туған және осындай мемлекеттің азаматтығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту жүргізілмейді.
ҚР-ның азаматтығын жоғалту туралы анықтама алу үшін Сізге келесіні ұсыну қажет:
- төлем түбіртегінің түпнұсқасын , сондай-ақ 45,00 EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесін тапсыру керек.
THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:
ACCOUNT NR: 54.65.49.152
BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A
IBAN: NL67ABNA0546549152
BANK: ABN AMBRO N.V.
ADDRESS: Badhuisweg 91,
2587 CE DEN HAAG, THE NETHERLANDS
Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.