Қазақстанның қолдауымен Ұлттар сарайында шахматтан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Пять мужчин в деловых костюмах стоят на фоне баннера Salesforce FIDE World Championship.

Женева, 2026 жылғы 22 қараша – Ұлттар сарайында Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен 2026 жылғы шахматтан әлем чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шара аясында «Қазақстан» залында Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан, ФИДЕ президенті Тимур Турлов, БҰҰ өкілдері, сондай-ақ әлем чемпионы атағы үшін өтетін матчқа қатысушылар – қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджу (Үндістан) мен үміткер Жавохир Синдаровтың (Өзбекстан) қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Өз сөзінде Е.Қазыхан шахматтың халықаралық диалог пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөліне тоқталып, оның стратегиялық ойлау, ережелерді құрметтеу және өзара қолайлы шешімдер іздеу сияқты қағидаттары дипломатияға да тән екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанда шахматтың дамуына және қазақстандық жастардың спорттың осы түріне деген қызығушылығының артуына ерекше назар аударды.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі Ұлттар сарайының Ассамблея залында дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар және әлемдік шахмат қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Әлем чемпионаты 2026 жылғы 22 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Женеваның маңындағы Мартин Бодмер қорында өтеді.