Қазақстан БҰҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі форумының 13-ші сессиясына қатысты

Қазақстан БҰҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі форумының 13-ші сессиясына қатысты

2020 жылдың 19 және 20 қарашасында Қазақстан Республикасының БҰҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің шешімдерімен бекітілген Аз ұлттар мәселелері жөніндегі форумның 13-сессиясына қатысты. Биылғы жылы БҰҰ Форумы «Өшпенділікті қоздыру, әлеуметтік медия және аз ұлт топтары» тақырыбына арналған.

Форумды БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелет, Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің Президенті Элизабет Фисслбергер, Геноцидтің алдын алу жөніндегі арнайы кеңесші Прамила Паттен және БҰҰ аз ұлттар мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Фернанд Варен ашты.

Отырыста Қазақстанның Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова сөз сөйлеп, Қазақстанның ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі институционалдық және заңнамалық шараларымен қатар халықаралық бастамаларын атап өтті. Ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының ерекше рөлін және елордада үш жылда бір рет өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі туралы және оның мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы жаһандық диалогты дамытуға қосудағы үлесін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер Интернеттегі аз ұлттар тобына бағытталған кемсітушілік тақырыбын ерекше атап өтті және бұл көбінесе оқшаулау, төзбеушілік, қастық және тіпті зорлық-зомбылық жағдайын тудыратынын атап өтті. Форумның сессияларында қатысушылар ұлттық, этникалық, діни және лингвистикалық аз ұлт тобына жататын адамдардың құқықтары туралы БҰҰ Декларациясында бекітілген принциптер мен құқықтарға сәйкес аз ұлттар тобындағы адамдарға қарсы әлеуметтік желілердегі өшпенділік сөздерімен күресу тәжірибесін, мәселесін, мүмкіндіктері мен бастамаларын талдады.

Аз ұлттар мәселелері жөніндегі форум жыл сайын тақырыптық талқылауға бөлінген екі жұмыс күні бойы өткізіледі. Биылғы жылы пандемияға байланысты форум тұңғыш рет толығымен онлайн режимінде өтті. БҰҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы форум жұмысын үйлестіреді. Форумның 13-ші сессиясының ұсынымдары Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 2021 жылғы наурыздағы 46-сессиясында ұсынылатын болады.