ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

         2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

        18 жасқа толған және Армения Республикасы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі жанынан құрылған № 439 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

        Сайлау учаскесінің мекенжайы:

         Армения Республикасы, Ереван қаласы, Г.Арутюнян көшесі, 11 үй.

        Дауыс беру уақыты:

         жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.

        Өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжат болуы қажет.

        Сайлаушылар тізіміне енгізіу үшін consulerevan@mfa.kz электрондық пошта мекенжайына «Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы» деген белгімен хатты алдын ала жолдап, төмендегі мәліметтерді көрсету ұсынылады:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
  • туған күні;
  • жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • Армения Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы;
  • байланыс телефоны.

         Дауыс беруге қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігіне +374 98 935 930 телефоны арқылы хабарласуға болады.

         Сайлау туралы қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында орналастырылған: https://www.election.gov.kz/rus/banners/?ID=10194.

 

Оқиға күні

03 шілде 2026

Оқиға түрі

Хабарландыру