ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Ереван қаласы, Арутюнян көшесі, 13

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Армения Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшіліктің жанындағы №275 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі - сайлаушылар тізімдерінде Сіздің деректеріңіздің болуы.

Армениядағы Қазақстан Республикасы Елшіліктің жанындағы №275 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Армения Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) erevan@mfa.kz, көшірме: r.alimkhan@mfa.kz электрондық мекенжайдарға «Референдум - 2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: +37498935930.

Оқиға күні

05 маусым 2022

Өткізу орны

г.Ереван, ул.Арутюняна, 13.

Оқиға түрі

Хабарландыру