Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Жарияланған күні: 27 қаңтар 2026
Жаңарту күні: 27 қаңтар 2026
Көру саны:27
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Сауалнама - өтініш.
- 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
- Іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығына тиістілігін тексеру нәтижелері бойынша 7 жұмыс күн ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінен хабарлама және ақпарат алған күннен бастап өтініш берушіге тексеру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Қызмет - тегін;
- Анықтама беру – 50 АҚШ доллары.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
- Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Ереван қаласы, Г.Арутюнян көшесі, 11 үй (Кентрон әкімшілік ауданы)
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: +374-10-585119, +374-10-560699 және / немесе электрондық пошта: consulerevan@mfa.kz
Жарияланған күні
27 қаңтар 2026
Жаңарту күні
27 қаңтар 2026
Түрі
Қызмет бағыты