Сауда-экономикалық қатынастар

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы екіжақты тауар айналымы $41,6 млн құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119% ұлғайды), қазақстандық экспорт – $26,9 млн, импорт – $14,7 млн.

ҚР Статистикалық комитетінің деректері бойынша 2022 жылы екіжақты тауар айналымы $45,3 млн, қазақстандық экспорт – $26,9 млн, импорт – $18,4 млн құрады.

2022 жылғы тауар айналымының құрылымы:

қазақстандық экспорт:

машиналар, жабдықтар, көліктер, құрылғылар мен аппараттар (66,2%),

жануарлардан және өсімдіктерден алынатын өнімдер, азық-түлік тауарлары (15,7%),

металдар және металл бұйымдары (11,3%),

ағаш, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары (3%),

химия өнеркәсібі өнімдері (2,7%),

тоқыма және тоқыма бұйымдары (0,2%),

басқа тауарлар (0,9%);

қазақстандық импорт:

жануарлардан және өсімдіктерден алынатын өнімдер, азық-түлік тауарлары (39,8%),

химия өнеркәсібі өнімдері (17,4%),

машиналар, жабдықтар, көліктер, құрылғылар мен аппараттар (13,6%),

металдар және металл бұйымдары (1,2%),

минералды өнімдер (0,6%),

құрлыс материалдар (0,2%),

ағаш, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары (0,1%),

тоқыма және тоқыма бұйымдары (0,1%),

басқа тауарлар (27%);

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, өткен үш жылдық кезеңде (2020-2022 жж.) Қазақстанға тікелей армян инвестициялары $11 млн. асты.

Еуразиялық интеграция шеңберінде Қазақстан мен Арменияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының үлкен әлеуеті мен өсу перспективалары бар. Армяния- Иран шекарасын ескере отырып, ЕАЭО-Иран еркін сауда аймағы болашақтағы бағыт болуы мүмкін.