Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

Eкіжақты қарым-қатынастар

1992 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2007 жылғы 1 наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2021 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Б.Б.Иманбаев тағайындалды.

Қазақстан-Армян қарым-қатынастары достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухында дамуда.

Екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін негізгі құжаттар 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт және 1999 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шарт болып табылады.

Қазақстан мен Армения арасында барлық деңгейде сенімді диалог сақталуда.

Екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылыс жоғары деңгейдегі өзара сапарлармен айқындалады:

Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.Пашинянның 2019 жылғы 29 мамырдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасына жұмыс сапары. Сапар шеңберінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевпен екіжақты кездесу өтті;

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 31 қыркүйек - 1 қазандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Армения Республикасына жұмыс сапары. Сапар шеңберінде АР Премьер-Министрі Н.Пашинянмен екіжақты кездесу өтті;

АР Президенті А.Саркисянның 2021 жылғы 3-5 маусымда Қазақстанға жұмыс сапары. Оның барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен екіжақты кездесу өтті;

АР Премьер-Министрі Н.Пашинянның ЕҮАК отырысына қатысу үшін 2022 жылғы 24-25 ақпанда Қазақстан Республикасына жұмыс сапары. Оның барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен екіжақты келіссөздер өтті;

АР Премьер-Министрі Н.Пашинянның ТМД МБК отырысына қатысу үшін 2022 жылғы 14 қазанда Астанаға жұмыс сапары;

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ҰҚШҰ ҰҚК сессиясына қатысу үшін 2023 жылғы 23 қарашада Ереванға жұмыс сапары.

Тұрақты негізде ЕАЭО, ТМД сондай-ақ түрлі және көпжақты форумдар мен іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының Премьер-министрлері арасында жұмыс сапарлары мен екіжақты кездесулер өткізіледі.

Екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылы дәстүрлі жоғары деңгейде және сенімді негізге, Қазақстан-Армения парламенттік достық топтары форматында да, халықаралық парламенттік ұйымдардың алаңдарында да ұстанымдар мен бастамаларды өзара қолдауға негізделеді.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары