РЕФЕРЕНДУМ 2022

2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөнінде республикалық референдум өтеді.
Плебисцитте "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы мынадай: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" Түзетулер мәтінімен толығырақ төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.election.gov.kz/upload/photo-pr/2022-05/proekt_kaz.jpg
18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінде жұмыс істейтін № 272 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.
Учаскенің жұмыс тәртібі: Душанбе уақыты бойынша 07:00-20:00 сағат. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Душанбе, Хусейнзода көшесі, 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өз мәліметтеріңізді Елшіліктің dushanbe@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз немесе +992 372 218940, немесе Ватцапп +77015662287 нөміріне қоңырау шалыңыз