Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық шеңберінде екі елдің өнер ұжымдарының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
2019 жылғы 18-28 ақпанда Шарджа және Хор-Факкан қалаларында Шарджа әмірлігінің Мәдени мұра институтының қолдауымен қазақстандық мәдени апталығы өтті.
2019 жылғы 24-27 сәуірде Әбу Дабиде "Астана Балет" театры ИЫҰ, БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі, Әбу Даби Мәдениет және туризм департаменті ұйымдастырған Ислам ынтымақтастық фестиваліне қатысты.
2020 жылғы 26 қыркүйекте қазақ ақыны, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елшілік ғимаратында "Абай" мәдени-танымдық залы ашылды.
2021 жылғы 18 наурызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елшілікте Әмірліктердің тұрғындары ерекше қажеттіліктері және таңғажайып таланттары бар жас қазақстандықтардың шығармашылық жұмыстарымен таныстыратын "Әлем балалардың көзімен" көрмесі өтті.
2021 жылғы 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында Шарджа қаласында "Мәдени мұра" фестиваліне Астана қаласы мен Жамбыл облысының Қазақстандық қолөнершілері қатысты.