Заңдастыру

Құжаттарды заңдастыру (ережелерге сілтеме)

Құжаттар тізімі

Жеке тұлға үшін:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы қажет);

3) заңдастыруға жататын құжат;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат (35 $ / 130 БАӘ дирхам әр құжат үшін);

5) өтініш беруші өзі тапсырмаған жағдайда сенім білдірілген адамға өкілеттігін растайтын құжат - нотариалдық сенімхат қажет (көшірмесі 2 дана және салыстыру үшін түпнұсқасы қажет)

  • Болмыш елдің өкілдігінде алдын ала заңдастырылған, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған

Заңды тұлға үшін:

1) өтініш;

2) уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы қажет)

3) заңдастыруға жататын құжат

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат (35 $ / 130 БАӘ дирхам әр құжат үшін);

5) құрылтай құжаттары (көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы қажет)

6) өтініш беруші өзі тапсырмаған жағдайда сенім білдірілген адамға өкілеттігін растайтын құжат - нотариалдық сенімхат қажет (көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы қажет)

  • Болмыш елдің өкілдігінде алдын ала заңдастырылған, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған

Өтінішті көрсетілетін қызметті алушының өзі не оның заңды өкілі өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып береді

Қызмет көрсету мерзімі – 3 күн (қосымша тексеру жағдайда 30 күн дейін ұзартылады)

Заңдастыруға жататын құжаттар:

  • Құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері
  • Қазақстанда берілген құжаттың түпнұсқасын тапсырған кезде заңдастыру мерзімі 30 күнге дейін созылады (ҚР-дың құзыретті органдарына ресми сұрау жіберіледі)
  • Болмыш елдің өкілдігінде алдын ала заңдастырылған, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған
  • Нотариаттық іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес куәландырған құжаттар (2012 ж. 31 қаңтардағы №32 Әділет министрінің бұйырығы)

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма (Қабылдау күндері) -
09:00-12:00 (құжаттарды қабылдау); 13:00-14: 00 (құжаттарды беру) 
Сәрсенбі (қабылдамайтын күн)
Сенбі, жексенбі (демалыс күндері)
Мекен-жай: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/online-booking?lang=kk&parentId=6154


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда

Сұрауларыңызды d.consul556@gmail.com электрондық поштаға жіберуге cұраймыз