Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына

Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына

2022 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Г.Л.Пейриске құттықтау хат жолдап, онда «Қазақстан мен Шри-Ланка өзара сенім мен түсіністіктің берік байланысына негізделген жемісті серіктестікті қалыптастырғанын ерекше атап, достық пен өзара сенімге ұштасқан ортақ мүддеміз екі мемлекеттің болашақта да дамуына жол ашады деп кәміл сенемін» деді.