Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Көру саны:63
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:
1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама ( жүктеу).
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.
3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).
4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).
5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( сілтеме).
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.
Соммасы -
Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері:
– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 80 АҚШ доллары;
– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 200 АҚШ доллары;
– туристік бір мәртелік виза – 60 АҚШ доллары;
– туристік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;
– транзиттік бір мәртелік виза – 20 АҚШ доллары;
– транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;
-
күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін
сенім телефонына хабарласыңыз: ____________ және/немесе E-mail: _________.
18 наурыз 2024
18 наурыз 2024