2022 жылғы 19 ақпаннан бастап, егер соңғы компонентті алғаннан кейін шекараны кесіп өту сәтінде 6 айдан аспаған болса, ҚР аумағына кіру ПТР тесті (шекарадан өту кезінде 72 сағаттан ерте емес) немесе вакцинация паспорты (ҚР өзара мойындайтын елдер) болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын елдердің тізімі
|
|
ЕСКЕРТПЕ
Қазақстан Республикасының вакцинация паспорттары/анықтамалары/ сертификаттары туралы куәліктерін өзара мойындамайтын елдерде КВИ-ға қарсы вакцина алған ҚР азаматтарында Қазақстанға кіру үшін ПТР-сынамасының нәтижесі болуы тиіс.
Қазақстанға келгеннен кейін ҚР азаматтары Қазақстанда вакцинация паспорттарын өзара мойындамайтын елдерде вакцина алу фактісін заңдастыруға мүмкіндігі бар.
КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуге жұмылдырылған медициналық ұйымдар ҚР ДСМ ТКН-нің «Вакцинация» модуліне 2021 жылғы 1 шілдеден бастап растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, шетелде КВИ-ға қарсы вакцина алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтерді енгізеді.
Eisz.kz – ҚР Бірыңғай ақпараттық Денсаулық сақтау жүйесінің ресми сайты. Порталға кіру үшін eisz.kz сілтеме бойынша өтіп, басты бетте ЖСН және пароль арқылы авторизацияны тіркеп немесе ЭЦҚ көмегімен кіруді пайдаланыңыз. Ол үшін компьютерде NcaLayer (программаны жүктеу) бағдарламасын іске қосу керек.