Консулдық есеп


Консулдық есеп

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 25 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері келесі ҚР азаматтарының санаттарын есепке алады.

а) консулдық аймақта тұрақты тұратындар; б) консулдық аймаққа уақытша келгендер (іссапарға, оқуға, тағылымдамаға, келісім-шартпен жұмысқа, емделуге немесе жеке іспен келгендер).

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алудың мақсаты:

-Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; - шет елдерде форс-мажорлық жағдайлар, әскери іс-қимыл, дүлей апат және т.б. жағдайлар пайда болуына орай Қазақстан Республикасының азаматтарына уақтылы көмек көрсету;
- болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.

  1. Тіркелен кезде консулдық лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтарын болу елінің тәртібі және шарттары, сондай-ақ оның заңдарын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат беруге міндетті.

Қажетті құжаттар: 

  1. өтініш,
  2. уақытшанемесе тұрақты есепке алу сауалнамасы,
  3. паспорт көшірмесі және
  4. 3х4 көлеміндегі фотосурет.

Румынияда уақытша жүрген (оқу, жұмыс, туризм және т.б.) Қазақстан Республикасының азаматтары консулдық есепке онлайн тәртіптемесінде тіркеу мәлімдемесін толтырып, тұра алады,

Сұрақтарыңызды consul.bucharest@mfa.kz электрондық поштаға жазуды сұраймыз.

Жарияланған күні

08 маусым 2020

Жаңарту күні

08 маусым 2020