Құжаттарды апостильдеу
Жарияланған күні: 08 маусым 2020
Жаңарту күні: 08 маусым 2020
Көру саны:115
Құжаттарды апостильдеу
Қазақстан Республикасы мене Румыния ресми құжаттардың заңдастырылуын талап етуді жоятын 1961 ж. Гаага Конвенциясына мүше мемлекеттер.
Гаага конвенциясына сәйкес, Қазақстанның құзыретті органдарымен әзірленген Румыния аумағында қолдануға жататын құжаттарға ҚР құзыретті органдары «апостиль» мөрін қояды.
Қазақстандық құжаттарға “APOSTILLE" мөрін қою үшін азаматтар консулдық бөлімге жеке келіп, келесі құжаттарды ұсынуы керек.
- Өтініш — 4 дана.;
- Жолданатын құжаттың түпнұсқасы және 4 дана көшірмесі;
- Паспорт көшірмесі – 4 дана.;
- Консулдық алым төленгені туралы түбіртек.
Ескертпе: Төлемақы әрбір құжатқа бөлек өтеледі.
Құжаттарды қарастыру мерзімі 3 - 6 ай.
Консулдық бөлім өтініш берушілерден қосымша құжат талап етуге құқылы.
Сұрақтарыңызды consul.bucharest@mfa.kz электрондық адресіне жазуыңызды сұраймыз.
Жарияланған күні
08 маусым 2020
Жаңарту күні
08 маусым 2020
Түрі
Қызмет бағыты