Визаны алу

Визаны алу

Жұмыс визасын алу мақсатында (С3 санаты) келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Қазақстандағы ұйымнан/компаниядан алынған шақыру хат;
  1. Бір фотосурет 3,5х4,5;
  2. Толтырылған визалық сауалнама;
  3. Паспорттың көшірмесі (түпнұсқасымен бірге);
  4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің банктік шотына консулдық алым төлемі чегі (төлемде өтініш берушінің аты-жөні көрсетілсін)

бір мәртелік виза – 75 евро

1 жылға дейін көп еселі виза – 170 евро

 

Іскерлік визаны (В1, В2 және В3 санаттары) алу мақсатында мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Қазақстандағы ұйымнан/компаниядан алынған шақыру хат;
  1. Бір фотосурет 3,5х4,5;
  2. Толтырылған визалық сауалнама;
  3. Паспорттың көшірмесі (түпнұсқасымен бірге);
  4. Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің банктік шотына консулдық алым төлемі чегі (төлемде өтініш берушінің аты-жөні көрсетілсін)

бір мәртелік виза – 75 евро

1 жылға дейін көп еселі виза – 170 евро

* Паспорттың қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталуының 3 айынан ерте аяқталмауы тиіс.

Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, тиісті визаларды алуға өтініш қарастыруға қабылданбайды.

Виза 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Азаматтарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

* Консулдық бөлім өтініш берушілерден қосымша құжаттар беруді талап ету құқығын сақтайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда электронды пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз consul.bucharest@mfa.kz.

Жарияланған күні

08 маусым 2020

Жаңарту күні

08 маусым 2020