Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Көру саны:232
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан алу процесі.
Талап етуге жатпайды:
- әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер);
- қызметтік куәліктер;
- егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі);
- қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.
- Өтініш.
- Сауалнаманың 3 данасы (сауалнамадағы сұрақтарға жауаптар толық және нақты, мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс).
- Өтініш берушінің, заңды өкілдің не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Өтініш берушінің өзіне қатысты құжаттар талап етілетін тұлғамен туыстық қатынастарың растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).
- Заңды өкілдің не сенім білдірілген адамның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды алуға құқығы бар адамның өкілі талап еткен жағдайда).
- Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін.
- Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса).
- Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.
* Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғандардың туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсатта талап ете алады;
* Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
- 4 айға дейін
Мемлекеттік органдар қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мерзім өтініш берушіні хабардар ете отырып, 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады
- 25 еуро (әрбір құжат үшін)
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі
Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және / немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz.
31 наурыз 2025
01 сәуір 2025