Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Жарияланған күні: 06 наурыз 2025
Жаңарту күні: 03 маусым 2025
Көру саны:44
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Сауалнама - өтініш.
- 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
- Іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығына тиістілігін тексеру нәтижелері бойынша 7 жұмыс күн ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінен хабарлама және ақпарат алған күннен бастап өтініш берушіге тексеру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Қызмет - тегін;
- Анықтама беру – 50 АҚШ доллары.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
- Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:00-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Беларусь Республикасы, 224005, Брест қаласы, Крупская көшесі, 5
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: +375 162 58 35 00; +375 162 58 32 42 және / немесе электрондық пошта: brest@mfa.kz; brest-consul@tut.by .
Жарияланған күні
06 наурыз 2025
Жаңарту күні
03 маусым 2025
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты