Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
Көру саны:29
- Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
- Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін).
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
- Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
- ҚР шет елдегі мекемеге өтініш берген кезде – 3 жұмыс күні;
- портал арқылы – 1 жұмыс күні.
- Тегін
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:00-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Беларусь Республикасы, 224005, Брест қаласы, Крупская көшесі, 5
Телефон арқылы хабарласыңыз: + 375 162 58 35 00; +375 162 58 32 42 және / немесе электрондық пошта: brest@mfa.kz; brest-consul@tut.by .
05 қаңтар 2024
03 маусым 2025