Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты ынтымақтастық

1992 жылғы 16 қыркүйек - Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнады.

1993 жылғы 9 қаңтар - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі ашылды.

1997 жылғы 13 шілде - Қазақстанда Беларусь Елшілігі ашылды.

2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Жақсылықов Тимур Мекешұлы тағайындалды.

2025 жылғы 14 қаңтарда Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Алексей Игоревич Богданов тағайындалды.

2024 жылы 2012 жылы ашылған Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Консулдығы Бас консулдық болып қайта құрылды.

2025 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы болып Мұратбек Мәдімәр тағайындалды.

2026 жылғы 13 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы болып Мелешкин Денис Владимирович тағайындалды.

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында стратегиялық әріптестік орнады, көпжақты өзара тиімді ынтымақтастық дамуда. Қазақстан-Беларусь қатынастарының шарттық-құқықтық базасында 96 шарт пен келісім бар. Құрылтайшылардың қатарында 1996 жылы 17 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Достық және ынтымақтастық туралы шарт бар.

Аса жоғары деңгейдегі сапарлар

Қазақстан Республикасы Президентінің Беларусь Республикасына ресми сапарлары 1996 жылғы қарашада, 2000 жылғы мамырда, 2009 жылғы қарашада, 2012 жылғы мамырда және 2017 жылғы қарашада өтті.

Қазақстан мен Беларусь Президенттері ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және т.б. алаңдарында үнемі кездесіп, телефон арқылы келіссөздер жүргізеді.

Қазақстан мен Беларусь үкімет басшылары деңгейінде

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Беларусь Республикасына 1999, 2013, 2017, 2020, 2021, 2024, 2025 жылдары барды. Беларусь Республикасы Премьер-министрінің Қазақстан Республикасына сапарлары 1992, 2000, 2012, 2013, 2017, 2021, 2022, 2023, 2025 жылдары өтті. Екі елдің үкімет басшылары тұрақты түрде интеграциялық бірлестіктер алаңдарында кездесіп отырады.

2024 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің Беларусь Республикасына жұмыс сапары өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР және БР үкіметтері арасында 2025-2029 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Жол картасына, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ мен Беларусь Республикасының «Туризм жөніндегі ұлттық агенттігі» ММ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды

2025 жылғы 29-30 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі О.А.Бектенов Беларуське жұмыс сапарымен келіп, ЕҮАК, ТМД ҮБК отырыстарына, сондай-ақ «ИННОПРОМ. Беларусь» іс-шараларына қатысты.

2025 жылғы 4-5 қарашада БР Премьер-Министрі А.Г.Турчиннің Қазақстанға ресми сапары өтті. 2025 жылғы 4 қарашада оны Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев қабылдады. Сапар барысында Үкімет басшыларының қатысуымен Алматы облысының әкімдігі мен Витебск облыстық Атқарушы комитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Астана қаласының әкімдігі мен Минск қалалық Атқарушы комитеті арасында 2026-2028 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспарына (Жол картасына), сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен БР Өнеркәсіп министрлігі арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) қол қойылды.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан мен Беларусь парламентшілері көпжақты - ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Парламентаралық Одақ, ҰҚШҰ ПА және т. б. алаңдарда тұрақты түрде өзара келісөздер жүргізеді.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен БР Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының парламентаралық ынтымақтастығының жұмыс тобы, ҚР Парламенті Сенаты мен БР Ұлттық Жиналысы Республикасы Кеңесінің ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы жұмыс істейді.

2013 жылдың сәуір айында БР Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің төрағасы бастаған парламенттік делегацияның Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

2017 жылғы наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы бастаған парламенттік делегацияның Беларусь Республикасына ресми сапары өтті.

2018 жылдың қазан-қараша айларында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы бастаған парламенттік делегацияның Беларусь Республикасына ресми сапары өтті.

БР Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының төрағасы 2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.

2026 жылғы 4-5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Ж.Қошанов бастаған Қазақстан парламенттік делегациясының Беларусь Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында Е.Ж. Қошанов Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенкомен, Беларусь Парламентінің екі палатасының басшыларымен кездесулер өткізді.

 Сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде

2023 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.А.Нұртілеудің Беларусь Республикасына ресми сапары өтті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары түрлі көпжақты іс-шаралар алаңдарында тұрақты түрде екіжақты кездесулер өткізеді.

2025 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында ҚР және БР Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялардың кезекті раунды өтті.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары