Бразилия аймақтарымен ынтымақтастық кеңейіп келеді

Бразилиа, 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Федералдық үкіметі жанындағы Пернамбуко штатының өкілдігінде болып, оның басшысы хатшы Эрик Лисбоамен кездесті.
Келіссөздердің күн тәртібіне Қазақстан мен Бразилия штаты арасындағы экономика, сауда, мәдениет және білім салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері енді. Елші 2023 жылғы 5 желтоқсанда штат астанасы Ресифиге сапарының қорытындыларымен, атап айтқанда, штат басшылығы, экономикалық бірлестіктері және іскер топтарымен өткен кездесулерінің нәтижесімен бөлісті.
Осы сапардағы келісімдердің бірі болып, Қазақстанға қант қамысын жеткізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және бразилиялық шикізат пен технологияларды пайдалана отырып қайта өңдеу өндірісін құру мүмкіндігі табылды.
Осыған байланысты Елші, бірқатар жергілікті компаниялардың осы салада ынтымақтастық орнатуға дайындығын құптады және штаттың іскер топтарын биылғы жылы Қонаев қаласында жоспарланған «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысуға шақырды. Тараптар, алдағы уақытта аталған Бразилия шатында Қазақстанның Құрметті консулдығын ашу мүмкіндігін де талқылады.
Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды элементі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы және Рио-Гранди-ду-Сул штаты арасында Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасында серіктестік байланыстар орнатылған (2024). Осы кезеңде Бразилияның Санта-Катарина штаты мен Қазақстан Республикасының аймақтарының бірі арасында да өңірлік серіктестік орнату мүмкіндігі қарастырылуда.
Анықтама: Пернабуко — Бразилияның 10 млн. астам халқы және Атлант мұхитына шығу мүмкіндігі бар қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Штаттың негізгі экономикалық секторлары - ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм болып табылады. Пернамбуко - Бразилиядағы қант қамысы мен маниоктың жетекші өндірушісі, сонымен қатар онда етті мал шаруашылығы дамып келеді. Штатта бірнеше ірі теңіз порттары жұмыс істейді. Ресифи халықаралық әуежайы, Солтүстік Америка мен Еуропаның қалаларына тікелей әуе жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етеді.