Роcарио қаласының мәрі Қазақстанды Конституция күнімен құттықтады

Ү.ж. 10 тамызында Бразилиядағы Қазақстанның Елшілігі Қазақстандық мәдени орталығы бар аргентиналық Росарио қаласындағы еліміздің Құрметті консулымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған бейнеконференцияны ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Росарио қаласының мэрі Пабло Хавкин қазақстандықтарды, сондай-ақ Алматы мен Росарио арасындағы бауырластық қатынастар аясында аргентиналық қаланың тұрғындарын Қазақстанның Конституциясы күнімен құттықтады, барлық бастамалар мен ізгі істерге сәттілік, бейбітшілік пен тұрақтылық тіледі. Қала әкімшілігінің басшысы бауырластық қатынастарды басқа да бағыттар шеңберінде жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.
Конференцияға қатысқан жергілікті саяси, әкімшілік және азаматтық топтардың, сондай-ақ аргентиналық муниципалитеттің өкілдері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, Конституцияның қабылдануы тарихына және конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысына үлкен қызығушылық танытты.