Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бразилиа, 2024 жылғы 20 қыркүйек - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші Эдуардо Сабойамен және саяси директор Елші Педро Террамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму ахуалымен және оны одан әрі дамыту жоспарларымен алмасты. Атап айтқанда, екіжақты кездесулерді ұйымдастыруға және шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге көңіл бөлінді.
Елші Бразилиялық дипломаттарды Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауы аясында Қазақстанның ағымдағы дамуымен таныстырып, Бразилия парламенттік делегациясының осы жылдың қараша айында екі ел парламенттерінің төменгі палаталарында достық топтарының бірінші отырысын өткізу үшін Астанаға жоспарланған сапары туралы хабардар етті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс диалогын жалғастыру жөнінде қол жеткізілді.