Чилимен өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сантьяго, 2024 жылғы 23 шілде - Чили астанасында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі және Чилиде қоса атқарушы Болат Нүсіповтың «CORFO» өндірісіне жәрдемдесу жөніндегі Чили мемлекеттік корпорациясының Вице-президенті Хосе Мигель Бенавенчимен кездесуі өтті.
Тараптар өнеркәсіп саласында, атап айтқанда машина жасау және тау-кен өнеркәсібі салаларында ынтымақтастық орнату жолдары мен мүмкіндіктерін талқылады. Чили тарапына өнеркәсіптік саласында құрылып жатқан Қазақстан-Чили іскерлік Кеңесіне белсенді қатысу ұсынылды.
Елші өз кезегінде сұхбаттасушыны Қазақстанның қазіргі уақыттағы экономикалық дамуымен, қолайлы инвестициялық ахуалымен және еліміздің көліктік-логистикалық артықшылықтарымен таныстырды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Вице-президентті екіжақты ынтымақтастықты орнату үшін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Өндірісті ілгерілету корпорациясы (CORFO) 1939 жылы құрылған — ұлттық өндірісті ілгерілетуге және аймақтық даму бойынша көп салалы Чили үкіметтік агенттігі болып табылады. Қазіргі уақытта CORFO-да жылына 200 мың бенефициарды қолдайтын 50-ден астам бағдарлама бар.