Тарихи фильм «Қазақ Хандығы. Алмаc қылыш» Сан-Паулу қаласында ұсынылды

Сан-Паулу, 2024 жылғы 05 маусым – Бразилияның ең үлкен қаласында «Бразилиядағы қазақ кітапханасы» жобасының таныстырылымы өтті. Бразилиялық қонақтарға Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» және Абайдың «Қара сөздері» кітаптарының бразилиялық басылымдары таныстырылып, кейін «Қазақ Хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетілді. Іс-шара «Қазақстан-Бразилия» достық форумының ұйымдастыруымен және Қазақстан Елшілігі мен Сан-Паулу Федералдық университетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шарада «Қазақстан-Бразилия» достық форумының атқарушы директоры, профессор Эдельсио Америко, Сан-Паулу федералдық университетінің кино, радио және теледидар кафедрасының профессоры Сесилия Мело, сондай-ақ ҚР Елшілігінің мәдени ынтымақтастық жөніндегі хатшысы Бексұлтан Карпеков алғы сөздерімен баяндама жасады.
Таныстырылым барысында сарапшылар тұңғыш қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы жайында айтып, «Көшпенділер» трилогиясы, дала өркениеті мен қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастыруға тән сол заманның рухын айқын жеткізетінін атап өтті. Олардың пікірінше, Еуразия құрлығының одан әрі дамуына «Ұлы далада» болған тарихи оқиғалар айтарлықтай әсер етті.
Сонымен бірге, сөз сөйлегендер Ілияс Есенберлиннің Қазақстан тарихындағы шығармашылығының іс жүзіндегі маңыздылығына, оның қазақ әдебиетінің дамуындағы ерекше рөліне және шығармалардың ұлттық болмыс пен патриотизмге ықпалына тоқталды. Ресми бөлімнің соңында профессор Эделсио Америко қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының қара сөздерін португал тілінде оқыды.
Фильмнің көрсетілімі Бразилиялық көрерменнің қазақ халқының тарихына деген шынайы ықыласын тудырды. Көрермендер фильмде сипатталған оқиғалардың жалғасын көруге үміттеніп, фильмді ұзақ қошеметтерімен жылы қабылдады.