Тау-кен өнеркәсібі және су шаруашылығы салалардағы ынтымақтастық талқыланды

Тау-кен өнеркәсібі және су шаруашылығы салалардағы ынтымақтастық талқыланды

Бразилиа, 2024 жылғы 10 мамыр - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов DFC Бразилия-Оңтүстік Африка холдингісінің Басқарушы директоры Марк Хедрихпен кездесу өткізді.

Тараптар тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз етудің жаңа технологияларын және су тасқынынан қорғану шешімдерін қоса алғанда, су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Елшісі қонақтарды Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың артықшылықтарымен, шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырып, бразилиялық тарап үшін практикалық қызығушылық тудыратын отандық салалардың дамуы хақында баяндап берді

Қызмет бағыты