Бразилия университетінің ректоры Наурыз мерекесімен құттықтады

Бразилия университетінің ректоры Наурыз мерекесімен құттықтады

Бразилиa, 2024 жылғы 20 наурыз – Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне Рио-Гранде-ду-Сул Федералдық университетінің ректоры, профессор Карлос Андре Булиоес Мендес келіп, Бразилия университетінің студенттері мен ұжымы атынан қазақстандық дипломаттарды көктем және жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ҚР Елшілігіне Рио-Гранде-ду-Сул штатының нышаны болып табылатын «Гаучо» мүсінін сыйлады.

ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповпен әңгімелесу барысында Бразилия университетінің ректоры Қазақ ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің басшылығын ү.ж. 16-17 мамырда өтетін «Бразилия-Қазақстан» Іскерлік кеңесінің 3-ші отырысына қатысу шеңберінде штаттың астанасы – Порту-Алегри қаласында келуге шақырды. 

Бұл ретте Карлос Мендес қазақстандық делегация үшін университетке, ғылыми зертханаларға, ауылшаруашылық фермалар мен кооперативтерге баруды қамтитын бағдарлама ұйымдастыру жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, бразилиялық делегация қазақ тарапына

іс жүзінде қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұсаукесер жасамақ. Тараптар аграрлық сектордағы диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтамалық: 2023 ж. 2 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Бірінші проректоры Прімқұл Ибрагимов пен Рио-Гранде-ду-Сул Федералдық университетінің (UFRGS) ректоры Карлос Андре Булоес Мендес онлайн түрде ауыл шаруашылығы ғылымы саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат ғылыми ақпарат пен озық тәжірибе алмасуды, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды бірлесіп өткізуді, академиялық және ғылыми алмасуды, сондай-ақ оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді бірлесіп дайындауды және басып шығаруды көздейді.

Қызмет бағыты